×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Мұнай бағасы қымбаттады

31.05.2022, 12:12
фото: ашық дереккөзден

Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы наурыз айының соңынан бері алғаш рет барреліне 120 доллардан (94,90 фунт стерлингтен) жоғары өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшылардың бағалауынша, баға өсіміне Шанхай мен Бейжіңдегі Covid-19 шектеулерінің жеңілдетілуі ықпал етті, бұл өз кезегінде Қытай тарапынан мұнайға деген сұранысты арттыра алады. 

Бұған қоса, ЕО-ның ресейлік көмірсутектер импортына тыйым салуы да энергия тасымалдаушылдар бағасының өсуіне әкеледі. Ұлыбританияда бензиннің орташа бағасы литріне 172,7 пенске дейін, ал дизель отынының орташа бағасы литріне 182,7 пенске дейін көтеріліп, жыл басынан бері орташа есеппен 26%-ға өскен. Жанармай бағасының тұрақты өсімі жаңа әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру үшін Ұлыбритания үкіметінен үстеме пайдаға қосымша ақы алып отырған мұнай компанияларына пайда әкелуде.