×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Алматы облысында төлқұжаттарға төленген 34 млн теңге салық бюджетке түспеген

08.06.2022, 14:09
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі төлқұжаттар мен куәліктер беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде заңсыздықты анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысының екі ауданында 2019-2021 жылдар аралығында бюджетке 34,1 млн теңге сомасында мемлекеттік баж түспеген. Мемлекеттік баж салығын төлеуден жалтару фактілері салық қызметі органдарының тексеру актілерімен расталған.

«Анықталған фактілер көші-қон қызметі қызметкерлерінің «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу кезінде өзге де тұлғалармен сыбайлас жемқорлық схемалары мен алаяқтық әрекеттерінің бар екенін көрсетеді»,- делінген Алматы облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің хабарламасында.