×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Ақша жоқ, рубль көп: Ресей валютасының экспансиясы теңгені теңселтпей ме

10.06.2022, 13:05
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда Ресей валютасының көбеюі ел экономикасын құлдыратуы мүмкін. Сарапшылар рубль экспансиясының соңы жақсылыққа апармайтынын ескертуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ел тұрғындары отандық қаржы нарығында рубльдің шамадан тыс көбейіп кеткенін айта бастады. Мұның соңы қайда апаруы мүмкін деп алаңдаушылық білдірушілер де аз емес. Алайда Ұлттық банктегілер Ресей валютасынан біздің елге ешқандай қауіп болмайтынына сенімді.

«Рубльдің қарқынды нығаюында Ресей Федерациясы қабылдаған капитал қозғалысын бақылау шаралары маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, экспорттаушылардың валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті түрде сатуы, капиталды елден шығаруға тыйым салу және басқалары», - дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Десе де, ресейлік мигранттар мен туристер ағынымен бірге Қазақстан нарығына рубль де қарқынды құйыла бастады. Көрші елде доллардың жайы қиындау, сондықтан ресейліктер Қазақстанда өз рубльдерін долларға айырбастайды, тамақ пен тауар сатып алады, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлейді. Қаласақ та, қаламасақ та, банктерде Ресей валютасындағы қолма-қол ақша қоры көбейе бастағаны ақиқат.

 

Түйткіл неде?

Тәуелсіз сарапшылар нарықта рубльдің көбебі еліміздің қаржы жүйесіне қауіп төндіреді деген пікірде.

«Егер ақша – бұл экономиканың қан айналымы жүйесі болса, онда біздің экономикамызда Ресей рублінің жинақталған банкноттарының үлкен көлемі түрінде қан ұйығы пайда болды», – дейді қазақстандық инвестор және Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығының (QAMS) мүшесі Бақыт Жұмабаев.

Оның сөзінше, ел банктерінде рубльдің шектен тыс жинақталуына екі фактор әсер етті. Біріншісі – Қазақстан президентінің қолма-қол шетел валютасын елден әкетуге шектеу қою туралы Жарлығы, екіншісі – рубль әкелетін және оларды біздің нарықта жұмсайтын Ресей азаматтарының ағыны.

«Банктер Жарлықты сақтай отырып, қолма-қол ақшаның артық көлемін шоттарға жинай алмайды, нәтижесінде қолма-қол ақша нарығы мен биржа арасында арбитраж пайда болды. Банктер клиенттердің шоттарына салынатын қолма-қол рубль сомасының 5-тен 20%-ына дейін ұстап қалуда. Валюталық позицияларды реттеу үшін олар еркін айналымдағы рубльдің едәуір сомасын бұғаттауға, Ресей нарығында форвардтық мөлшерлемені төлеуге мәжбүр», - деп түсіндіреді Джумабаев.