×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Мемлекетке 500 млн теңгеге жуық залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

13.06.2022, 10:40
фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында көлеңкелі экономика саласында ауыр қылмыс жасаған бір топ адамды әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Азамат Хан В.В. басқарған қылмыстық топ өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында бақылаудағы 7 заңды тұлғаның контрагенттеріне жалған шот-фактура жазып берген. Олар өз әрекетімен мемлекетке 490 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде зиян келтірген.

Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге - 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымда басшылық қызмет, оның ішінде шот-фактура беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Төленбеген салық камералдық бақылау және салықтық тексеру аясында бүкіл контрагенттерден өндіріп алынады.