×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Жыл басынан бері бюджетке қанша кіріс түскені белгілі болды

14.06.2022, 11:01
фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың алғашқы 5 айында мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд теңге кіріс түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биылғы бес айда мемлекеттік бюджетке 6 трлн 554 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 107% орындалды. Республикалық бюджетке 4,4 трлн теңгеге жуық кіріс түсті, жоспардың орындалуы - 100,9%», - деді министр.

Оның айтуынша, кірістер бойынша жоспар 41 млрд теңгеге, оның ішінде салық - 11 млрд теңгеге, салыққа жатпайтын кіріс – 29 млрд теңгеге асыра орындалған.

«Салық бойынша асыра орындаудың негізгі сомалары ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосылған құн салығына тиесілі болды. Жоспардың асыра орындалуы биылғы 4 айдағы жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды өткізу бойынша айналым сомаларының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,4% ұлғаюына байланысты. Корпоративтік табыс салығы, импортқа қосылған құн салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша жоспар орындалған жоқ», - деді Е. Жамаубаев.