×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

58 млрд теңге: Бюджет қаржысын қай министрлер игере алмады?

14.06.2022, 11:41
фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері шенеуніктер бюджеттің 58 млрд теңгесін игере алмаған. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 «Жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,1%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3%-ке атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 6,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді. Сонымен бірге, бюджеттің 65 млрд теңгесі атқарылмаған, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделген, 58 млрд теңге игерілмей қалған», - деді ведомство басшысы.

Игерілмеген қаржының ірі сомасы төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде байқалды. Оның негізгі себептері: конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлеуге берілетін шоттардың кеш ұсынылуы.

Ал жергілікті бюджеттердің шығыстары 3,5 трлн теңгені құрады. 61 млрд теңге атқарылмай қалған.

«Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 маусымға 933 млрд теңге бөлінген. Оның 98,2%-і игерілген. 17 млрд теңге атқарылмай қалды, оның ішінде 4 млрд теңге үнемделсе, 13 млрд теңгесі игерілмеген», - деді Е. Жамаубаев Үкімет отырысында.

Ең көп игерілмеген сома Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау, Алматы және Қызылорда облыстарында байқалады. Оның негізгі себептері - төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауы, жобалық-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдердің ұзақ жүргізілуі, төлеуге берілетін шоттардың қазынашылық органдарына кеш ұсынылуы.