×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Желге ұшатын миллиардтар: Қоғамдық келісімді нығайтуға 18,4 млрд теңге сұралған

20.06.2022, 11:19
фото: ашық дереккөзден

Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін 18,4 млрд теңге бөлу сұралған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бағдарлама бойынша шығыстар:

2022 – 3 242 254,7 теңге;
2023 – 4 127 186 теңге;
2024 – 3 560 058 теңге;
2025 – 3 431 936 теңге;
2026 – 4 072 365 теңге.

Жобаның мақсаты - "Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің тиімді моделін қалыптастыру".

"Конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз етуге, конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізуге, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыруға, үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік маңызы бар жобалар мен гранттарды іске асыруға арналған шығыстар", – делінген жоба сипаттамасында.

Бағдарламаның міндеттері:

конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету дәрежесін 2023 жылы – кемінде 79,25%, 2024 жылы – кемінде 79,35 %, 2025 жылы – кемінде 79,45%-ға жетккізу;

этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың қанағаттану деңгейін 2023 жылы – кемінде 87,1%, 2024 жылы – кемінде 87,2%, 2025 жылы – кемінде 87,3%-ға жеткізу.