×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылуы мүмкін

20.06.2022, 16:22
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда қазына қаржысын тиімсіз жұмсаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде қаржылық қылмыс жасауды мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылыққа жатқызған дұрыс болар еді. Бұған орындалмаған жұмыстар, жеткізілмеген тауарлар, көрсетілмеген қызметтер, ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі, дебиторлық қарызды негізсіз есептен шығару және басқа да факторлар жатады, – деді Годунова.

Комитет төрағасының айтуынша, Осы заңнамалық нормалардың барлығы да мемлекеттік аудит органдарының қызметі үшін жақсы база құруға, бюджеттің әр теңгесін пайдаланғаны үшін нәтижені қатаң түрде сұрауға және сол арқылы бюджет шығындарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2021 жылы тиімсіз пайдаланылған 413 млрд теңге мемлекеттік ресурс анықталды. Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет Есеп комитетімен бірлесіп, Бюджет кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр.

Бұл жерде әңгіме бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану үшін мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы болып тұр.