×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан бюджетінің кірістері: салық түсімдері өсіп, трансферттер төмендеді

17.05.2023, 12:42
Қазақстан бюджетінің кірістері: салық түсімдері өсіп, трансферттер төмендеді
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1-тоқсанда мемлекеттік бюджеттің кірістері  5,5 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 767,3 млрд теңгеге немесе 15,9%-ке артық. Кірістердің өсуі салық түсімдерінің оң динамикасына байланысты (+851,1 млрд.теңге немесе 17,8%). Бұл ретте трансферттер түсімдері 54,1 млрд теңгеге немесе 1,1%-ға төмендеген.

Салық түсімдерінің құрылымында 2023 жылдың 1-тоқсанында ең үлкен өсім көрсетілді:

ҚҚС - ағымдағы жылдың алғашқы екі айында импорттың (номиналды мәнде) 7,1% төмендеуі кезінде ұлттық экономиканың 4,9% - ке өсуіне байланысты 333,2 млрд. теңгеге (33,6%) өсу;

КТС - 2023 жылдың 1-тоқсанында экономиканың жоғары нақты өсуі есебінен 203,2 млрд. теңгеге (18,4%) өсу.