×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Мемлекеттік кірістер комитеті: Тұрғындар бізді алдағысы келеді

19.07.2022, 19:25
Ашық дереккөздерден алынған сурет

Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден көлік әкелетін қазақстандықтардың темір тұлпарларды ел аумағында тіркеген кезде бағасын өтірік көрсететініне наразы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, мамандар көліктердің маркаларын, үлгілерін, тіпті әкелінген елдегі бағаларына талдау жасайды. Осы кезде отандастарымыз көлікті Қазақстанда тіркеген кезде, құжаттарға темір тұлпардың бағасын төмендетіп көрсететіндігі анықталып отыр. Себебі көліктің бағасы төмен болған сайын, төленетін төлемдер де аз болады.

Бірқатар кәсіпкерлер немесе делдалдар көліктердің кедендік құнын төмендетіп, бюджет кірісінің көлеміне тікелей әсер етуде. Биыл 1164 көліктің төмен бағамен декларацияланбақ болды. Біз оның жолын кестік, - дейді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

 

Мысалы, Грузиядан әкелінген 2020 жылғы Toyota Camry көлігінің бағасын кедендік құжатқа 11000 АҚШ доллары деп көрсеткен. Алайда комитет мамандары шетелдік көліктің бағасы  20000-27000 АҚШ доллары екенін анықтаған.  Сондай-ақ 2021 жылғы  Mercedes Benz AMG G63 – 8500 АҚШ доллары, 2021 жылғы  Toyota Land Cruiser 300 - 15000 АҚШ доллары, 2021 жылғы LEXUS RX 450H – 4500 АҚШ доллары деп көрсеткендер де болған.

Осылайша жыл басынан бері қазақстандықтар көліктердің бағасын барлығы 53 миллион АҚШ долларына азайтып көрсеткен.

Егер автокөлік иелері көліктерді сатып алғанын растайтын құжаттарды ұсынса, онда кедендік рәсімдеу декларацияда мәлімделген құн бойынша жүзеге асырылады, - дейді комитет мамандары.