×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Бұзылған бөгеттің ақшасы ұрланған болып шықты

20.07.2022, 22:45
Шилі бөгеті

Қостанай облысында Шилі бөгетін салуға бөлінген қаражаттың бір бөлігі ұрланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық істі Қостанай облысының Экономикалық тергеу департаменті тергеп жатыр. Облыстағы Жангелдин ауданының Шилі ауылындағы Шилі бөгетін салуға бөлінген қаражат қолды болған. 

Қылмыстық іс тергеліп жатыр. ҚК 189 бабының 4 тармағымен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс тіркелді. Бөгетке күрделі жөндеу жүргізу жобасының құнын құжаттарда өсіріп көрсеткен. Сараптама қорытындысына сәйкес, бюджетке 33 млн 712 мың 618 теңге шығын келтірілген. Күдіктілер үй қамақта отыр, - деп хабарлады облыстық Экономикалық тергеу департаменті.

Шилі ауданындағы бөгет екі жыл бұрын салынған. Бірақ бөгет биыл көктемде бұзылып, жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ аудандағы Ахмет Байтұрсынұлы ауылындағы бөгет салынған жылы-ақ көктемде бұзылып қалған еді.