×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ресей астығының сұр импорты отандық шаруаларды табыстан қаққалы тұр

06.06.2023, 13:39
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Ресей астығының сұр импорты салдарынан отандық бидай өндірушілер зардап шегуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жыл басынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі бастамасының арқасында Ресейден Қазақстанға бидайды автокөлік транспортымен әкелуге тыйым салдық. Қазіргі таңда теміржол арқылы әкелуге рұқсат. Сол тыйым әлі де күшінде. Сол себепті біз «сұр импортты» мөлшерін барынша азайту мәселесін барынша бақылауда ұстап отырмыз», - деді ол.

«Жалпы сіз осы фактты растайсыз ба?» деген сұраққа Қарашөкеев «оны ауыл шаруашылығы министрлігі емес, құзырлы органдар, кеден қызметі анықтайтынын» айтады. Ал құзырлы органдар растаған жағдайда отандық диқандар зардап шегуі мүмкін екенін министр де айтады.

«Әрине, Қазақстанның өсімдік шаруашылығымен айналысатын адамдарға кері әсер ететіні сөзсіз. Сұр импорттпен келетін өнімнің бағасы төмен болса, ол ешқандай салық төлемесе, әрине ол заңсыз бәсекелестік туғызып, біздің бидайды сатуда қиындық туындайды. Бұл жағынан мәселені бақылауда ұстап отырмыз», - дейді ол.

«Ал отандық диқандар сізге сұр импорттан зардап шегіп жатырмыз» деп шағымданды ма деген сұраққа ондай шағымдарды Қарашөкеев интернет беттерінен оқып отырғанын мәлім етті.

Еске сала кетсек, өткен аптада Сенат депутаты Андрей Лукин астық контрабандасы салдарынан еліміздің бюджетіне жүздеген миллион теңге түспей қалғанын мәлім еткен еді. Оның сөзінше, елімізде жалған құжат бойынша Ресейден Қазақстанға бидайды салық төлемей заңсыз әкелудің тұрақты жолдары бар. Оның үстіне, бұл астықты ЕАЭО-дан тыс жерлерге экспорттағаны үшін кәсіпкерлер одан кейін де Қазақстан бюджетінен төлемдер алып отыр.

Серіктес жаңалықтары