×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Халықтың борыштық жүктемесі өсіп, азық-түлікке аз ақша жұмсайтын болған

05.08.2022, 13:48
Көрнекі сурет: Adyrna.kz

Ұлттың банк жариялаған 2021 жылға арналған қорытынды есебінен халықтың борыштың жүктемесі артып, азық-түлікке жұмсайтын шығындарды азайтқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

        

“Халықтың борыштық жүктемесі өсуде, 2021 жылы кредитті өтеу мен борыштың кірістерге арақатынасы 2020 жылғы мәнмен салыстырғанда 0,48%-ға өскенін көрсетті.

Бұл көрсеткіштер перспективада анағұрлым маңызды, мәселен, өткен 5 жылда бұл арақатынас 26,91%-ға ұлғайды. Халықтың нақты табысы тұтынушылық деңгейін сақтау үшін халықтың шығыстары өсетін дәрежеде ұлғаймайтынын ескерсек, алшақтық кредиттеу арқылы қаржыландырылады және оны ұлғайтуды жалғастыру үрдісі белгіленеді”, – делінген есепте. 

Сонымен бірге құжатта 2021 жылы үй шаруашылықтарының барлық санаттары бойынша тұтыну шығыстарында азық-түлік тауарларына арналған шығыстар үлесінің аздап төмендегені байқалғаны айтылған. 

“Табысы ең аз және ең жоғары үй шаруашылықтары арасында үнемдеуге бейімділіктің айтарлықтай өсуі байқалады, бұл осы үй шаруашылықтарының тұрақтылығын арттырады. Алайда, үй шаруашылықтары бойынша орташа есеппен үнемдеуге бейімділіктің біршама төмендеуі байқалады, бұл пандемия аяқталғаннан кейін кейінге қалдырылған сұраныстың іске асырылуымен, сондай-ақ тұтынушылық сенімділік индексінің өсуіне байланысты күтпеген шығыстар жағдайында жинақтауға деген ынта-жігердің төмендеуімен түсіндірілуі мүмкін”, – делінген Ұлттық банк есебінде.