Токио Олимпиадасына мәдениет және спорт министрлігі мен ұлттық олимпиадалық комитет арқылы 15 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қазір мемлекет басшысының тапсырмасымен есеп комитеті Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарына дайындыққа бөлінген бюджет қаржысын пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізіп жатыр», - делінген сейсенбідегі ақпаратта.