×
511.77
593.19
6.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.77
593.19
6.41

Әскерге күштеп әкету: Ғылым министрлігі дауды реттеуді «ойластыра» бастады

12.06.2025, 12:20
Әскерге күштеп әкету: Ғылым министрлігі дауды реттеуді «ойластыра» бастады
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова әскерге баласын күштеп әкетіп жатқан ата-аналардан шағым түспегенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВИЦЕ-МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Тікелей ата-аналардан ондай өтініш-хаттар ата-аналардан бізге түскен жоқ. Дегенмен біздің министрлік жағдайды бақылап отыр. Сондықтан, бірлесе отырып, шешім жолдарын табу үшін қорғаныс министрлігіне ұсыныс бергенбіз. Талқылайық, ойланайық, іздестірейік дедік. Себебі алда каникул. Туған-туыстардың балаларына бір-бірінің үйіне барады. Ал кейбір жастар бакалавриатқа, ал кейбіреулер бакалавриаттан магистратураға, кейбірі докторантураға түсуі мүмкін. Осы аралықта мәселе туындамас үшін жұмысты ойластырамыз, – деді вице-министр сенат кулуарында Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына берген жауабында.

 Гүлзат Көбенова бір жағынан жастардың азаматтық борышы бар екенін есіне салады. 

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Бұған дейін Эльмира Рамашева інісін Назарбаев университетінің дайындық курсын (Foundation) аяқтап, студент атанғанына қарамай, көшеден әскерге ұстап әкеткенін БАҚ-та жазған еді. Бұл ақпарат желіде қызу пікірталас туғызып, ата-аналар университет басшысына хат жолдаған.

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев оның алдындағы оқиғаларға түсініктеме беріп, жастарға “армиядан қашпаңдар” деп кеңес айтқан.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев “әр жағдайды жеке қарастыру керектігін” айтады.

Серіктес жаңалықтары