×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Қазақ барыстарының сағын кім сындырып жүр – чемпиондармен сұхбат

07.07.2022, 18:57
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлыстың бүгінгі қонақтары – «Қазақстан Барысы – 2022» жеңімпаздары. Балуандар қазақ спортының келешегі, ұлтымыздың құндылығы, ауылдың қордаланған мәселелері жайлы ойын ортаға салды.

Биыл бірінші орынды қасиетті Сыр елінің тумасы Мақсат Исағабылов (Қызылорда облысының тумасы) жеңіп алған. Ал екінші орынды маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов (Маңғыстау облысының тумасы), үшінші орынды жамбылдық Ғалымжан Қырықбай (Жамбыл облысының тумасы) иеленген.

Сұхбат барысында “Қазақстан Барысы” турнирінің 2022 жылғы жеңімпаздары жеңіске жету үшін қанша уақыт дайындалғандарын айтып берді. Сондай-ақ олар ауылда спортты дамытуға неліктен көңіл бөлінбейтіні, жеңістерінің сыры неде екені, өздерінің жалақысы қанша екені туралы ойларын айтты. Қазір мәдениет және спорт министрі болып отырған Дәурен Абаевқа үндеу жолдады.

Әңгіме барысында одан бөлек “Қазақстан барысы” турнирінің келешегі турасында сөз болды. Балуандар ұлттық спортты дамытудың маңызы турасында ойларын ортаға салды. Өз өмірлері жайлы сырларын айтып, жастарды жігерлендіретін пайымдарын жасырмады.