×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Юсуф Омар: Мемлекет медианы он жерден қолдаса да, ақшасы төленген контентті ел білуі тиіс

24.07.2022, 19:26
Фото: Ulysmedia.kz

Халықаралық журналист Юсуф Омар Ulysmedia.kz студиясында қонақ болып, қазақстандық журналистиканың екі полюсіне тоқталды. Сондай-ақ, блогерлерге көзқарастың қандай болу керектігін айтып, кез-келген мәселені қызу талқылауға кірісті. 

Юсуф Омар алғаш болып мобильді репортерлікке бер бұрғандардың бірі. 2010 жылы ол автостоп арқылы Оңтүстік Африкадан Сирияға жетіп, жолшыбай өз смартфонына репортаж түсіріп, жеделдігі мен ашықтығының арқасында барлық рейтингті бұзып-жарған болатын. Содан бері оны мобильді журналистиканың нағыз майталманы санайды. 

Журналистика және соғыс жағдайы БАҚ-қа айрықша әсер ете ме?

 – Қазақстан өте қиын жағдайда екенін айтпай кетуге болмайды. Сіздер құрлықта үлкен көлемде Ресеймен шектесіп жатырсыздар. Сондықтан қазақстандық биліктің өз ұстанымын ашық айтатын мүмкіндігі аз. Көбінесе бейтарап пікірде қалуды жөн санайды. Ал журналистер үшін ешқандай дипломатиялық ережелер болмауы тиіс. Бұл жерде нақты шешім қабылдап, ашық айтуға немесе жағдайдың құрбанына айналып, бір тараптың сойылын соғуға тура келеді. Қайсысы жақын екенін өзіңіз таңдайсыз. 

Әлем сәт сайын өзгеруде, өмірдің тосынсыйлары да көп. Сіз мамандыққа қойлатын талаптардың өзгергенін мойындайсыз ба?

 – Журналист болу үшін қазіргідей ыңғайлы сәт кездескен емес. Ақпарат табудың сан алуан мүмкіндіктері бар. Бұған дейін мұндай болған жоқ. Бұрын үш күн жүріп, үш түн ұйықтамай табатын ақпарат қазір сенің компьютерің мен телефоныңда тұр. Азаматтар өз көрген-білгенін әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісуде, журналистке тек қана ақпаратты тексеріп, сараптап, аталған оқиғаға қатысты көпшілікке көмектесу ғана қалды. Мәселен, Дональд Трамп АҚШ президенті атанған кезде дәстүрлі медиаға сұраныс артты, өйткені, адамдарға ақпарат жетіскен жоқ, олар не болып жатқанын түсінгісі келді. Ал әлеуметтік желі дегеніміз жалған ақпарат көп таралатын жер. Сондықтан журналистер шындық пен өтіріктің ара-жігін ажырата білуі керек. Менің бұл сөзіме Украинадағы соғыс та дәлел. Егер тұрғындар не болып жатқанын желіде бөліспесе, шын мәнінде не болып жатқанын білмейтін де едік. Әлеуметтік желі мен медиа бірге болуы тиіс. 

Меніңше, бәрі біз ойлағандай емес. Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат пен болжам көп сияқты…

 – Иә, елді алдағысы келетіндер үшін белгілі бір мүмкіндіктер пайда болды. Олар басқаларды арандатып, зорлыққа үндемейінше оларға көңіл аудармайды да. Осының бәріне қарамастан, адамдарда өзін толғандыратын нәрсені, тіпті, жағымсыз жайттарды да жариялайтын алаң болуы керек. Мәселен, егер біреу сізді шындыққа жанаспайтын нәрсе үшін айыптайтын болса, онымен тікелей байланысып, ашық талқылайтын мүмкіндігіңіз болғаны дұрыс. Сондықтан, қауіпті жағдайларды естігенде мұны кім және не үшін айтып отырғанын үнемі анықтап отыру қажет. 

Қазақстанды қазір бірегей кейс деп атайды. Бұл пікірмен келісесіз бе?

 – Әрине, сіздерде өте ұзақ уақыт ел басқарған президент болды. Сіздердегі элита оны сынауға әсте үйренбеген. Саясаткерлер халықтың сеніміне ие болу үшін еңбек сіңіру қажеттігін білген жоқ. Ыңғайсыз сұрақтар олардың ашуына тиеді. Сіздерге бір кеңес айта аламын, нені дұрыс әрі маңызды деп шешсеңіздер, соны істеңіздер. Қолдарыңызда күш бар, тіпті, әділеттіктің орнауына көмектесе аласыздар. Әрине, жағымсыз жайттар да жоқ емес. Журналистерге оқ атып, түрмеге отырғызады. Мұндайда не істеу керек? Меніңше, біз шындықты айту құқығы үшін күресуіміз қажет. Бұл жерде технология да көмекке келеді. Егер сізге қысым көрсетіп жатса, үндемей қалмаңыз! Сізге мақаланы өшіру туралы бұйрық келсе, хабарлама мен қоңырау скриншоттарын жариялай аласыз. Бұл қорқынышты, бірақ сізді 

Журналистика қауіпті мамандық па әлде қызықты мамандық па? Блогерлердің танымалдығы неге артып жатыр?

 – Біріншіден, қазіргі таңда журналистиканың мамандық еместігін айтқым келеді. Мәселен, сіз дипломсыз адвокат бола алмайсыз. Ал журналист болу үшін аздаған ессіздік болса, жеткілікті. Журналист – деректерді баяндаушы адам. Сіз футбол матчына келіп, болған оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөлістіңіз. Демек, сіз журналиссіз. Контенттің инстаграмда немесе журналда жарияланғанында тұрған ештеңе жоқ. Журналистер мен блогерлер арналған стандарт ортақ – тепе-теңдікті бұзбай, әділдік пен бейтараптықты ұстануы қажет. Өкінішке қарай, екеуара шекара жойылып кетті. Бірақ екеуі де заң алдында бірдей жауапкершілік арқалауы тиіс. 

Кәсіби адалдық пен кәсіби адалдықты монетизациялау. Бұл екі ұғым бір-біріне қаншалықты сәйкес?  Бізде көптен бері мемлекеттік тапсырысқа қатысты дау тоқтайтын емес.

 – Әрине, бұл өте қиын жағдай. Мемлекет медианы он жерден қолдап отырса да, ақшасы төленген контерт туралы аудиторияға ескертіп отыру қажет. Десе де, медианы қаржылай қолдаудың түрлі әдістері бар. Мәселен, ВВС  өз аудиториясының есебінен жұмыс істейді, бірақ өздерінің тәуелсіз бағыттарын сақтап қалған. Меніңше, ең оңтайлы нұсқа да осы. Медианың мықты қару екені әлдеқашан дәлелденіп қойған. 

Біз не істей аламыз және не істеуге міндеттіміз?

 – Біздің қолымыздан келетін нәрсе көп. Өз оқиғаларымыз арқылы әлемді өзгерте аламыз, елдегі жағдайлар мен қажетті өзгерістерді түсіндіре аламыз. Бізде контент пен мобилді журналистика арқылы адамдарды қолдап, оларға жігер беретін керемет мүмкіндік бар. Қазақстандық медиа екіге бөлінген. Біріншісі барлығын тоқтаусыз сынға алып, жемқорлық, азшылық топтар мен әйелдердің құқығын айтады. Яғни, қоғамды қатты толғандыратын мәселелерді назарға алған. Екінші лагерь елде бәрі керемет екенін айтудан жалықпайды. Осы орайда, қажетті шешімді іздеуге бағытталған конструтивті журналистика түсінігі бар екенін еске салғым келеді. Бұл нұсқаны ең табысты әрі қолдануға ыңғайлы деп санаймын. Өйткені, бұл біздің көп нәрсе істей алатынымзға дәлел.