×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

19.10.2021, 09:35
фото: Ашық дереккөзден

19 қазан – Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады деп хабарлайды ulysmedia.kz.

“Құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Табиғи және техногендік апаттар дәуірінде сіздердің еңбектеріңіздің мемлекеттік маңызы арта түседі. Биыл ТЖМ қызметкерлері 9,5 мың адамды құтқарды. Мемлекет ерен еңбектеріңізді бағалайды. Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілеймін!”, – делінген Тоқпевтың Туиттерінде. 

1995 жылғы 19 қазанда қазіргі Төтенше жағдайлар министрлігінің негізі қаланды. Сол себептен құтқарушылар дәл осы күні өз кәсіби мерекесін атап өтеді.

«Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» Қазақстан президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы №2541 жарлығымен елдің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган ретінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің құрылған күні азаматтық қорғау жүйесінің кәсіби мерекесі – Құтқарушылар күні.

2020 жылы ТЖК Төтенше жағдайлар министрлігі болып қайта құрылды.

ТЖМ қызметкерлері – бұл өрт сөндірушілер, құтқарушылар, ұшқыштар, дәрігерлер, психологтар, кинологтар. Олар төтенше жағдайларды жояды, өртті сөндіреді, құтқару операцияларын жүргізеді, адамдар мен жануарларды, мүлікті құтқарады.

Серіктес жаңалықтары