×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстан «түрме елдер» рейтингінде 98 орында тұр

25.10.2021, 09:31
коллаж: ulusmeda.kz

Қазақстан түрмедегі тұтқындар саны рейтингінде 223 елдің ішінде 98 орында тұр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстанда 100 мың тұрғынға 157 тұтқыннан келеді екен, дейді finprom.kz.

Еліміз 100 мың тұрғынға келетін түрмедегі тұтқындар саны бойынша мемлекеттер рейтингінде 223 елдің ішінде 98-ші орында тұр. Жыл басында Қазақстанда 29,4 мың тұтқын болған, немесе 100 мың тұрғынға 157 тұтқыннан келген.

ТМД елдері арасында Түрікменстандағы жағдай ең нашар. Аталған мемлекет рейтингте әлем бойынша 2-ші орын иеленді. Қазақстаннан біршама нашар жағдай Беларусьте (20 орын) және Ресейде (24 орын) қалыптасқан. Бұған қоса еліміз пессимистік көрсеткіш бойынша Әзербайжан (63 орын), Молдова (79 орын) мен Қырғызстаннан (96 орын) кейін тұр, яғни оларда тұтқындар саны көбірек.

Ал Украина, Тәжікстан, Армения әрі Өзбекстандағы жағдай керісінше Қазақстанға қарағанда жақсырақ.

«Түрме елдер» рейтингін АҚШ пен Сальвадор ашса, оны бір де бір тұтқыны жоқ Сан-Марино түйіндеп отыр.

Серіктес жаңалықтары