×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

AO Juniors: Әмір Омарханов үшінші айналымға жолдама алды

22.01.2024, 09:47
Фото: дереккөз

Аустралия ашық біріншілігі жасөспірімдер турнирінің екінші айналымында Әмір Омарханов Ұлыбритания теннисшісі Виктор Фридрихты  3:6, 7:6, 6:3 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екінші сетте тай-брейкте камбэк жасаған Қарағанды тумасы Әмір үшінші сетте 2 брейк айырмашылығымен матчты өз пайдасына шешті.


2 сағат үзілістен кейін спортшымыз Оңтүстік Корея өкілімен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Қарсыластары Альмазан Валиенте (Испания) және Бугард (Нидерланды).

Естеріңізге сала кетейік, Әмір Омарханов турнирдің бірінші айналымында жарыстың фавориті Федерико Чинаны (Италия) жарыс жолынан шығарған еді.

Серіктес жаңалықтары