×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Маймыл қайда?»: Атырауда блогер 5 күнге қамауға алынды

«Маймыл қайда?»: Атырауда блогер 5 күнге қамауға алынды
Фото: Pixabay

Ол сотты құрметтемеді деп айыпталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаулыны Атырау әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот шығарды. Іс материалдарына сәйкес, 10 қаңтарда блогер және қоғам қайраткері Рүстем Баязитов телефонының камерасын қосып, сот залына кірген. Сөйтіп: «маймыл қайда?», «сіз маймылды көрмедіңіз бе?» деген сұрақтар қоя бастаған.

Кінә сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәгерлердің жазбаша түсіндірмелерімен толық расталады, - деді соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен Баязиев кінәлі деп танылды. «Оның жеке басын және жасалған құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып», оған бес күндік әкімшілік қамауға алу тағайындалды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін журналист Көкшетаудағы судьяның ескертуінен кейін есікті тарс еткізіп жапқаны үшін қамауға алынған болатын.