×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Отставкаға кетіңіз – Шәпкенов мүгедек жандардың талабы жайлы пікір айтты

26.10.2021, 09:24
фото: ашық дереккөзден

Күні кеше ғана мүмкіндігі шектеулі жандар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғимаратының алдына жиналып, жәрдемақы мөлшерін көтеруді, ал министр Серік Шәпкеновтен орнын босатуды талап еткен болатын. Бұл жөнінде не ойлайтынын журналистер министрден бүгін сұрап көрді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Әр адамның өз ойы бар. Өз ойын айтарлық құқығы бар. Сол үшін олар министрліктер үйінің алдына келіп, өз ұсыныстарын білдірді. Оның ішінде жәрдемақы мөлшерін 500 АҚШ долларына дейін көтеруді талап етті. Екіншіден, кезектен тыс баспана беруді сұрады. Үшіншіден, мені ғана емес, әріптестерімнің де отставкасын талап етті. Менің ойымша, әр адам өз ойын айтуға құқылы», – деді Серік Шәпкенов үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Ол адамдардың ойына шектеу қоя алмайтынын мәлім етті.

«Мен ғана емес, мемлекет болып азаматтардың әлеуметтік жағдайының жақсы болуына атсалысып жатырмыз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары