×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Бүгін Әсел Тасмағамбетова мен Нағи Бақытбековтың туған күні

27.10.2021, 08:01
фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 27 қазан күні «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова 42 жасқа толды. Ал Qazsport телеарнасының директоры Нағи Бақытбектов 34 жасқа келді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Әсел Тасмағамбетова

Саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың тұңғыш қызы Әсел 1979 жылы туған. Оның «заң» және «табиғатты пайдалану» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Экология, мәдениет салаларында белсенді қызмет атқарады. Бизнеспен айналысады. 2002 жылдан бастап ірі әлеуметтік объектілерді салу, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардағы дарынды балаларға, денсаулығында ауыр кінәраты бар балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша кең ауқымды қызмет жүргізетін «Сәби» қайырымдылық қорының негізін салушы әрі президенті. 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Семей қаласының құрметті азаматы.

Нағи Бақытбеков

Нағи Қалтайұлы Бақытбеков 1987 жылы дүниеге келді. Еңбек жолы: «Қазақстан студенттер альянсы» Қызылорда облыстық филиалының директоры, «Қазақстан КТК (квн) Одағы» атқарушы директоры, «Астана қаласының көңілді тапқырлар театры» әкімшісі, продюсері. KazFootball ақпараттық футбол порталының директоры, Қазақстан футбол федерациясының маркетинг және PR департаментінің директоры. Ал 2020 жылғы маусымнан бастап Qazsport телеарнасының директоры.

Серіктес жаңалықтары