×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлытау өңірінде балаларын құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

Ұлытау өңірінде балаларын құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды
Фото: Pixabay.com

Ұлытау облысында асырап алған балаларын құлдықта ұстаған әйел ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Ұлытауда балаларды құлдыққа салған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесінде ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп жазды Динара Зәкиева Instagram желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Жезқазғанда үш бала 5 жыл бойы құлдықта болғанын жазған болатынбыз.

Оқиға қалай болды

Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде бір отбасынан шыққан үш бала – 1 қыз және 2 ұл бары анықталды. Патронаттық тәрбиеге алған отбасы оларды балалар үйінен 2018 жылы алған. Ол кезде балалар 14, 12 және 8 жаста болған. Балалардың үлкенін қалаға 20 км қашықтықтағы өз фермасында еркінен тыс ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Фермада екі табын жылқы мен 18 сиыр бар, - деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Динара Зәкиеваның хабарлауынша, фермаға арнайы барған комиссия мүшелері балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көздерімен көріп, жағаларын ұстаған. Денелерінде сау тамтық жоқ, көгерген, тыртыққа толы екенін аңғарған. Балалар жүдеу, шаршаңқы, аш, кір-қожалақ, киімдері жыртық болған. Балаларды қамқорлығына алған ата-ана оларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсағаны белгілі болды. Сорақысы қамқоршы 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген.

Балалардың үлкені – қыз, колледжді тәмамдаған, алайда іс жүзінде сабаққа мүлде бармаған. Ортаншы ұл колледжде "оқиды". Құқық қорғау органы білім мекемесін тексерсе, ата-анасы тарапынан үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынып отырған екен. Қамқоршы қызды жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан, - делінген жазбада.