×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қайрат Сатыбалдының «әйелінен» Мәскеудегі 1 млрд теңге тұратын пәтері тартып алынды

23.02.2024, 11:47
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ресейлік бейресми әйелінен Мәскеудегі атшаптырым пәтері тартып алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы «Выход к морю» Telegram-арнасы жазды.

Қазақстан билігі экс-президент Назарбаевтың тергеуге алынған туыстарының ғана емес, олардың жақын адамдарының да мүлкін тәркілеп жатыр.

Мәселен, былтыр қараша айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жариялаған видеода агенттік мемлекет пайдасына тәркілеуге қол жеткізген «заңсыз алынған» активтер тізімі берілген. Олардың ішінде Мәскеудегі элиталық «Золотые ключи» тұрғын үй кешенінде №25 пәтер де аталды. Аумағы 272 м² және нарықтық құны шамамен 1 млрд теңге болатын бұл екі деңгейлі пәтер соңғы уақытқа дейін Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бейресми әйелдерінің бірі, Қалмақ елінің тумасы Марсела Нұрсұлтанның (шын тегі Александрова, өзге тегі Мартиросян) меншігінде болған.

Марсела Нұрсұлтан кім

Марсела Қайрат Сатыбалдының бейресми әйелі екені бұған дейін де белгілі болған. Ол уақытша тергеу изоляторында үкімін күтіп отырып туыстарымен видеоқоңырау арқылы сөйлескенде Марсела да көрінген. Артынша бұл әңгіменің жазбасы желіде тарады. Ресейлік деректер базасынан шығып кеткен соң ол туралы тың деректер жұртқа жарияланды.

Сонымен, Марсела Александровна Нұрсұлтанның бұрынғы тегі Мартиросян болған, ал оның алғашқы фамилиясы Александрова. Ол 1987 жылы 26 қарашада Қалмақтың Городовиковск қаласында дүниеге келген. Ол біраз уақыт Ставропольде тұрып, кейін Мәскеуге көшкен.

37 жастағы бұрынғы шаштараз

Марсела Александрова-Мартиросян-Нұрсұлтанның бір адам екенін қарапайым сақтандыру нөмірімен, салық төлеуші нөмірімен және ресейлік төлқұжаттарды өзгерту туралы деректермен дәлелдеуге болады. Туған жері мен Мәскеудегі тіркеуі де сәйкес келеді. 2019 жылы Александрова мен Мартиросян алдымен екі Mercedes GLA 250 және Toyota Corolla көлігін алды, ал бір жылдан кейін Марселаға Нұрсұлтан тегі бар жаңа төлқұжат берілгенде, бұл көліктер сол атқа «алды». Пәтердің иесі 2019 жылы 50 мың рубль жалақы алатын бұрынғы шаштараз Марсела Нұрсұлтан болды.

2022 жылдың қыркүйегінде Астана соты Қайрат Сатыбалдыға ірі ұрлық жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Сот барысында Сатыбалдының зардап шегуші тарап «Қазақтелеком» және «Көлікке қызмет көрсету орталығы» компанияларына келтірілген шығынды өтеу ретінде ондаған миллиард теңге төлегені айтылды. Тараптар медиациялық келісімге келді. Енді оған қатысты қылмыстық кірістерді жылыстату фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергелуде, онда Назарбаевтың інісі тағы жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Активтерді номиналды иелеріне беру немесе Марселаның Мәскеудегі пәтері сияқты жақындарына жасалған қымбат сыйлықтар олардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтыны анық. Биыл қаңтар айының басында «Антикор» 650 миллиард теңгенің мүлкі (жылжымайтын мүлік, депозиттер, инвестициялар және зергерлік бұйымдар) тәркіленгені туралы хабарлады.

Серіктес жаңалықтары