×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алимент төлеуден жалтарып жүргендер 400 млн теңгені құмар ойындарға жұмсаған

24.02.2024, 13:47
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында 157 алимент бойынша борышкер құмар ойындарға 426 миллион теңгеден астам ақша жұмсаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір миллион теңгеден сәл асатын алименттік қарызы бар бір ғана борышкер 24 миллион теңгеден астам сомаға есепшотын толтырған. Облыстық прокуратураның қабылдаған шаралары арқасында бүгінде 31 ойынға тәуелді адам 38 миллион теңгеден астам  алименттік қарызын өтеп үлгерді, – деп мәлімдеді Бас прокуратурадан.

Ал тағы алты борышкер алимент төлемегені үшін жауапқа тартылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: "Мәселе еркектік жолмен шешілді" - әнші Кенжебек алимент төлеуі тиіс

Прокуратура борышкерлердің алимент төлеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін көзделген әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) жауапкершілігін еске салады, – деп хабарлады ведомство.
Серіктес жаңалықтары