×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қазақстанды аралап шығуға бел буған велосаяхатшы Павлодарға келді

28.10.2021, 21:28
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының тұрғыны Дамир Кушеев өз қаласынан бастап, Семей қаласынан өтіп, Павлодар қаласына жетті. Алда велосаяхатшы Нұр-Сұлтан қаласына жол тартпақ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz-ның мәліметінше, бұл жайлы Дамир Кушеев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне Қазақстан бойынша веложүріс туралы» атты баспасөз конференциясында айтқан.

Павлодарға бірінші рет келіп отырмын. Өте әдемі қала. Тұрғындар қонақжайлы. Мені өте жақсы қарсы алып жатыр. Тас жолдардың сапасы Павлодар облысында өте жақсы. Бірақ кемпингтердің мүлдем жоқтығы таңқалдырды. Кіріп, шәй ішіп, демалатын орындардың жолда жоқтығы ыңғайсыздық тудырады», - дейді Дамир Кушеев. 

Оның айтуынша, саяхат барысында  автожанармай құю орындарында, палаткада, мешіттер мен аймақ тұрғындарының үйлерінде қонады. Ол веложүрісті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайды.

Велосипедінде 40 келіге жуық жүгі бар саяхатшы шілтерлі шиналар салмақшы. Нұр-Сұлтан қаласына жеткенше қар түссе, жолда тайғанап, жүре алмай қалуға қорқатынын айтты.

Биыл маусым айында Түркияда велосаяхат жасаған. Стамбул – Анталья – Анкара – Стамбул бағыты бойынша 2500 шақырым жол жүрген.

Серіктес жаңалықтары