×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

2021 жылы небәрі 6 айда елде 105 бала суицид жасаған

15.09.2021, 10:19
2021 жылы небәрі 6 айда елде 105 бала суицид жасаған
Фото: Ашық дереккөздерден

Одан бөлек тіркелген тағы суицид жасамақ болған 193 бала құтқарылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Қазақстандық қоғам үшін тағы бір өзекті мәселе —  балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид. Мәселен, статистика бойынша 2021 жылдың тек 6 айында елде 105 аяқталған суицид оқиғасы және 193 суицид әрекеті тіркелген. Бұл ретте бірқатар өңірде суицид көрсеткішінің өсуі байқалады (Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-сұлтан қаласы). Бұл — өте қорқынышты көрсеткіш», - деді Динара Зәкиева Мәжіліс отырысында баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қорғау кезінде.

Осыған байланысты, заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктерін реттеу ұсынылып отыр.