×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қызығын қырғыздар көреді: Отандық дизайнерлер ұлттық киімдерді қымбатқа сатып жатыр

18.03.2024, 13:01
Қызығын қырғыздар көреді: Отандық дизайнерлер ұлттық киімдерді қымбатқа сатып жатыр
Фото: дереккөз

Бүгін – Ұлттық киім кию күні. Осыған байланысты көпшілік базар жағалап, арзан киім іздеп сабылып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын facebook-парақшасында жазды.

Барахолкадағы “қырғыз рядта” сауда қайнап жатыр. Мұғалімдер, тәрбиешілер, басқа да бюджеттік, мемлекеттік мекеме қызметкерлері шапан мен камзол іздеп базарда шарқ ұрып жүр. Себебі биылдан бастап наурызнаманың төртінші күні “Ұлттық киім күні” деп белгіленген. Сондықтан өрнектелген кажекей, жакеттерге сұраныс артты, – дейді ол.

Журналистің айтуынша, мерекенің қызығын қырғыз ағайындар көріп жатыр. Өйткені отандық дизайнерлердің ұлттық киімінің бағасы удай қымбат. 

Бірақ ұлттық киім күнінің қызығын қырғыздар көріп жатыр. Өйткені олардың тауарлары арзан, қолжетімді. Ал, отандық дизайнерлердің бір шапаны 500 мың, камзолдары 200 мың теңгеден басталады. Ұлтыңды сүйген қанша патриот болсаң да бұл баға біз үшін қымбат.

Кешелі-бері супермаркет, банк сияқты мекеме қызметкерлері де ұлттық киіммен қызмет қылып жүр. Оқушылар да оюланып-өрнектеліп алыпты. Керемет көрініс. Енді осы үрдіс тек наурызбен шектеліп қалмаса екен.

Аптасына бір күн шапан жамылып, кәжекей киіп жүрсек жақсы емес пе? Әйтпесе қазақша киім құдалық пен фотосессияның ғана атрибуты сияқты бізде. Өзге түгіл өзіміз шапан жамылып суретке түскенге тәнті болып жүрміз, – дейді Д. Нұрақын.