×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Биыл елімізде 105 жасөспірім суицид жасады

30.10.2021, 12:56
Фото: ашық дереккөз

2021 жылдың басынан бері 105 жасөспірім суицид жасаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұл туралы Инстаграмдағы Әйелдерге құқық, қауіпсіздік пен өзін-өзі бағалауды үйрететуге бағытталған batyrjamal парақшасында жазылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан суицид саны бойынша әлемде үшінші орында және Орталық Азия елдері арасында көшбасшы.

2021 жылдың басынан бері 105 жасөспірім суицид жасаса, 200 жасөспірім өз-өзіне қол салуға талпыныс жасаған.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 9 айында жасөспірімдерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін өлтіруге дейін жеткізу» бойынша 48 құқықбұзушылық болған. 2020 жылы дәл осындай құқықбұзушылық 33 рет тіркелген.

Серіктес жаңалықтары