×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Бақтияр Артаев күзетпен кіріп келді»: боксшы Ангелина Лукас ұлттық құрамадағы былық жайлы айтты

19.03.2024, 11:16
Коллаж: Ulysmedia

Боксшы Ангелина Лукас тележүргізуші Динара Сәтжанның Youtube-арнасына берген сұхбатында ұлттық құрамадан қалай шеттетілгенін айтып, спорттағы былықтың бпетін ашты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Спортшының айтуынша, боксшылар Азия ойындары мен әлем чемпионатының алдында темекі мен кальян шегіп, ішімдік ішкен.

2021 жылы тамыз айының соңында Бақтияр Артаев пен Марат Мықтыбеков базаға келді. Олар күзетпен кіріп келді. Бақтияр Артаев үнсіз ғана отырды. Ал Марат Мықтыбеков «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің атынан Анджелина Лукас ұлттық құрама сапынан шығарылсын...» деген бұйрықты оқи бастайды. Мен «Қалайша? Не үшін? Көптеген турнирлерде жеңіске жеттім» деген шокта болдым. Бұйрықта «Этиканы бұзғаны үшін» делінген. Марат Мықтыбеков бұйрықты оқып жатқанда мен жылдам диктофонымды қостым. Сосын мен оны қалай дәлелдей аламын? Ол бұйрықты оқыған соң, менің бапкерім шошып тұрып: «Сен маған командада тәртіпсіздік бар деп айтқан едің ғой», - дейді. Егер мен этиканы бұзатын болсам, онда неге біздің құрамада Азия ойындарының алдында, әлем чемпионатының алдында барлығы жиналып, сөмкелеріне тығып әкелген кальян мен темекені шегіп, ішімдік ішеді? - дейді боксшы.

Серіктес жаңалықтары