×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Нан қымбаттайды: құрғақшылық кесірінен астық бағасы қалай өсті

31.10.2021, 10:48
Нан қымбаттайды: құрғақшылық кесірінен астық бағасы қалай өсті
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда ғана емес, көрші Ресейде де құрғақшылық, егіннің аз шығуы салдарынан бидайдың құны күрт көтеріліп, тоннасы 127 мың теңгеге жетіп отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

alau.kz-ның мәліметінше, қостанайлық аграрийлер биылғы қуаңшылыққа байланысты Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен банктер алдындағы міндеттемелерін ұзартуды, сондай-ақ 103 мың теңге деп көрсетілген астықтың сатып алу бағасын көтеруді сұрап отыр.

Қазір диқандардың көбі бидайдың құны өседі деп, оны сатпай отыр. оларды түсінуге де болады, өйткені көбі әлі де несие төлеуге мәжбүр.

Наурызым ауданындағы шаруа қожалығының директоры Мәди Ихтиляповтың «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» компаниясымен ешқандай мәселесі жоқ, бірақ ол да астық құнының қымбаттауын күтеді.

«Нан бағасы жақсы болады деп сенеміз. 120 мың теңгеге сатуға рұқсат етеді деп ойлаймыз. Уақыт көрсетеді, баға әлі де өседі, шамамен 150 мың теңге болуы мүмкін екенін естиміз. Олай болса жақсы болар еді», - дейді «Шолақсай-1» ЖШС директоры Мәди Ихтиляпов.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, қазір 51 шаруа қожалығы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» алдындағы міндеттемелерін орындай алмай отыр, яғни форвардтық сатып алу шартын жасасқандардың жартысына жуығы. Олар мемлекеттік компанияға 3,2 млрд теңге қарыз. Алайда тек 15 шаруа қожалығы 460 миллион теңгеге пролонгация алды.

Қамысты ауданындағы серіктестік директоры Борис Князев егін жинап алғаннан кейін шаруалардың несие төлеуге мүмкіндігі болмай, өздері де қиналғанын айтты.

«Жаңа өнімнен бүгінде бір тонна да сатқан жоқпыз. Күтеміз. Бағаны көтеру дұрыс емес деп бәріміз шулап жатырмыз, бірақ металл қымбаттады, астық 80 мың болды – бағаны шектемей, жалақыны көтеру керек», - дейді «Алтынсарино» ЖШС-ның Борис Князев.

Шаруалардың өз міндеттемелерін өтеуге уақыты аз. «Азық-түлік келісім шарт корпорациясымен» есеп айырысу күні 15 қарашаға белгіленді.