×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Пандемия салдарынан Ресейде тон сатып алуға сұраныс төмендеді

31.10.2021, 14:13
Фото: rbc.ru

2018 жылдан бері елде аң терісінен жасалған бұйымдарға сұраныс 80% төмендеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

rbc.ru-дың мәліметінше, ресейліктер экологиялық тазалық, жылы қыс, ақша тапшылығы және коронавирус пандемиясына байланысты тон киюден бас тартуда.

2020 жылы қыркүйек-қазан айлары аралығында 128 мың тон сатылса, 2021 жылы осы айлар аралығында 116,4 мың тон ғана сатылған. Демек, 10% аз сатылған. Ал пандемияға дейінгі 2018, 2019 жылдармен салыстырғанда тонның сатылуы 85-94%-ға азайып кеткен.

Ресейліктердің тонды сатып алудан бас тартуының бірнеше себебі бар. Ең алдымен, киімге деген этикалық қарым-қатынас өзгерген: аң терісінен жасалған тондарды сатуға Бельгияда, Германияда, Ирландияда, Норвегияда, Словакияда, ұлыбританияда және Израильде тыйым салынған. Нидерланды, Дания мен Франция да осы ережені енгізбек.

Сондай-ақ, Versace, Gucci, Chanel, Burberry сияқты танымал сән үйлерінің тон тіккен кезде табиғи теріні қолданбағандарына бірнеше жыл болды

Серіктес жаңалықтары