×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан адам дамуы рейтингіндегі позициясын нашарлатты

26.03.2024, 12:44
Қазақстан адам дамуы рейтингіндегі позициясын нашарлатты
Коллаж Ulysmedia

Қазақстан рейтингтегі жағдайын бірден 11 позицияға нашарлатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

БҰҰ Даму бағдарламасы дайындаған Адам дамуының 2023/2024 индексінің нәтижелері белгілі болды.

Экономикалық зерттеулер институты рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан 0,802 көрсеткішпен 67 орынға жайғасқанын атап өтті. Республика 2021-2022 жылдар рейтингімен салыстырғанда 11 позицияға төмендеді.

Үздік 10

Рейтингке 193 мемлекет қатысты. Адами даму деңгейі ең жоғары 10 елдің қатарына Швейцария, Норвегия, Исландия, Гонконг (Қытай), Дания, Швеция, Германия, Ирландия, Сингапур және Аустралия кіреді.

Рейтинг нәтижелері бойынша Қазақстан 2 көрсеткіш бойынша жақсарды: «Туған кездегі өмір сүру ұзақтығы» (69,4 жастан 69,5 жасқа дейін) және «Білім алудың орташа ұзақтығы» (12,3-тен 12,4 жасқа дейін).

Қазақстанның позициясының төмендеуі «Білім алудың орташа күтілетін ұзақтығы» (15,8-ден 14,8 жылға дейін) және «Жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс» (23 943 доллардан 22 587 АҚШ долларына дейін) көрсеткіштерінің нашарлауымен байланысты, - деп жазылған.

Соңғы жылдары Қазақстан адами даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарында қалғанын атап өткен жөн.