×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әлхамдулилла, мұсылманмын»: қазақстандық трансгендер мешітке барып, есімін өзгертті

«Әлхамдулилла, мұсылманмын»: қазақстандық трансгендер мешітке барып, есімін өзгертті
Коллаж: Ulysmedia

Көпшілікке «Нико Нет» лақап атымен танымал трансгендер Наиль Тұрғанов мешітке барып, есімін өзгертті. Енді оның аты – Ника, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогер Instagram-парақшасына видео жариялап, «Әлхамдулилла, мен енді мұсылманмын» деп жазды.

Дінімізде екі атпен жүруге болмайды. Атам азан шақырып, атымды Наиль деп қойды. Араб тілінен аударғанда бұл есім «жетістікке жету», «мақсатқа жету», «сыйға лайық», «пайда» деген мағынаны білдіреді. Қазір мені барлығы «Ника» деп атайды. Ника – грек тілінен аударғанда «жеңіс» дегенді білдіреді. Әрі ежелгі Грекиядағы жеңіс құдайының аты, – дейді ол.

Трансгендер өз сөзінде ауыр күнә жасағанын мойындап отыр.

Мен өткерген жолымды жеңістің бір түрі деп білемін. Анам екеуіміз мешітке барып, есімімді өзгертуді жөн көрдік. Енді бұдан былай мен Никамын. Түсінемін, мен ауыр күнә жасадым. Бірақ егер шын ниетіммен кешірім сұрасам, Алла мені кешіреді деп үміттенемін. Анам Алланың мейірімді екенін, егер шын көңілмен рақым етуін сұрасам кешіретінін айтты, – дейді трансгендер.

Алайда желі қолданушылары блогерді сынның астына алып, наразылық білдірді.

«Сен имамды алдап соқтың», «Мынау расымен дінді мазақ етіп отыр», «Дінімізде еркек әйел болып, мешітке барып азан шақыртып ат қоюы дұрыс па?», «Бұл қаншалықты шариғатқа сай», «Имам да қызық, қалай азан шақырып жатыр?», «Алладан қорық», «Масқара», – деп пікір қалдырып жатыр желі қолданушылары.