Бүгінде коуч, психолог атанған айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына қалай баю керек екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның айтуынша, кедей болуымызға өзіміз кінәлі екенбіз.
Өмірді өзгертуге болады десе, сенбейміз. Кедей болып тудық, кедей болып өстік, кедей болып өмір сүре береміз деп ойлаймыз. Бірақ жан тәнімізбен бай болғымыз келеді. Бай болып жатқандардың әрекетін істегіміз келмейді. Сонда бізді байытпай, артқа тартып жатқан кім екен?! Өзіміз ғой, мойындайықшы, – дейді коуч.
Психолог ақша тауып жатқандарды алаяқтар сияқты көретінімізді айтады.
Біздің жаман жеріміз, мәңгі өмір сүретіндей жүре береміз. «Спортпен айналысу керек еді», «Диета ұстау керек еді» деп кейінге шегере беерміз. Біреу жақсылыққа шақырса, алдап жатқандай күдіктенеміз. Ақша тауып жатқандар алаяқтар сияқты көрінеді. «Отбасымды сақтап қалдым, керемет бақытқа кенелдім» деп біреу жазса, қуанудың орнына, «өзінің танысына жаздырып отыр» деп сенбейміз, – дейді ол.