×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мусиннің Сберге қатысты түсіндірмесі бұрынғыдан да көп сұрақ туғызды - депутат

15.09.2021, 13:42
Мусиннің Сберге қатысты түсіндірмесі бұрынғыдан да көп сұрақ туғызды - депутат

«Ақ жол» партиясы Үкіметтен цифрландыруға кеткен қаражаттың есебін сұрады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

«Қазақстан Үкіметінің Ресей Сбербанкімен цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісімі қоғамда үлкен дау тудырды. «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы өткен жылдары жекелеген министрліктердің, жалпы алғанда цифрлық даму мәселесінің ақпараттық жүйелер жұмысындағы сәтсіздіктерін бірнеше рет сынға алған еді. Қолданыстағы платформалардың қабілетсіздігі әсіресе өткен жылдың көктемінде пандемия басталған соң денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, салық салу, ауыл шаруашылығы және басқа да көптеген электрондық қызметтердің кемшіліктері айқын болды. Сол кездің өзінде мемлекеттің жылдар бойы цифрландыруға бөлінген миллиардтаған қаржының тиімсіз пайдаланылуы анықталды», - деді Үкіметке «Ақ жол» партиясы атынан сауал жолдаған депутат Мақсат Раманқұлов.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен жауапты тұлғалардың жағдайды түзету бойынша жасаған әрекеттері тиісті нәтиже бермеді. Тіпті, платформалардың одан әрі алыстауына, оны азаматтар мен бизнестің пайдалануының күрделенуіне алып келген. Ал қазіргі заманауи технологиялар мен жаңа әлемдік жағдайларды ескере отырып, Қазақстан үшін мемлекеттік қызметтерді цифрлық дамытуда артта қалу проблемасы жыл өткен сайын өткір  болып тұр. Сондықтан барлық мемлекеттік органдардың IT-жүйелерін бірыңғай платформаға келтіру, заманға сай жаңғырту қажеттігі шынымен де жүйелі проблемаға айналған.

«Дегенмен, бірқатар мәселелер ашық күйінде қалып отыр. Біріншіден, аталған келісімді өткен жылдары цифрландыру бағдарламаларына бюджеттен бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалғанын мойындау деп бағалауға бола ма? Егер солай болса, онда өткен жылдары мемлекеттің нақты қанша қаржысы мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыруға жұмсалды және оның тиімсіз жұмсалғаны үшін жауапкершілік кімнің мойнында? Екіншіден, осы келісімді дайындау кезінде отандық немесе ең мықты халықаралық IT-компаниялардың мүмкіндіктері ескерілді ме? Оны дайындау барысы ашықтық пен адал бәсекелестікке қаншалықты сай болды? Үшіншіден. Келісімді іске асыру барысында ақпараттық  қауіпсіздік мүдделері қалай қорғалады?» - дейді Мақсат Раманқұлов.

Ол сондай-ақ, БАҚ-та жарияланған цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің түсіндірмелері жұртшылықты қанағаттандырмайтынын, керісінше одан да көп сұрақтар туындататынын айтады.

«Оның себебі серверлерді Қазақстанда орналастыруда ғана емес, оларда сақталатын ақпаратқа бөтен тұлғалардың қолжетімділігін шектеудің технологиялық  мүмкіндігі бар ма деген мәселе. ХХІ ақпарат ғасырында IT-қауіпсіздігі біздің еліміздің  Тәуелсіздігінің маңызды факторы  деп санаймыз», - дейді ол