Нұр-Сұлтанда 2 қарашадан бастап коронавирустың таралуына қатысты «сары» аймақ нормалары күшіне еніп, «қызыл» аймақтағы карантиндік шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантиндік шараларды жеңілдету туралы №29 қаулыда жазылған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен өткен соң карантин шаралары жеңілдетіні туралы шешім күшіне енді.
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілердегі іс-шараларды қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды, соның ішінде марафондарды, спорттық, отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шаралары және т.б.) өткізуге және оларға қатысуға тыйым сақталады.
Сондай-ақ, келесі кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын іске асыруды жалғастырылады:
йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
спа-орталықтары;
моншалар, сауналар, бассейндер;
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
боулинг клубтары;
кинотеатрлар;
театрлар мен филармониялар;
стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері;
Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеге өтіп оқуға болады.