×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Антиваксер Айна Бакеева Шымкенттегі арнайы уақытша ұстау изоляторында

03.11.2021, 21:45
Фото: ашық дереккөз

10 тәулікке қамауға алынған антиваксер Айна Бакеева 6 қарашада бостандыққа шығады, - деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша Айна Бакеева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) және 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған.

«Қазіргі уақытта Айна Бакеева Шымкенттегі Полиция департаментінің арнайы уақытша ұстау изоляторында. Онда кез келген жазасын өтеуші қоғамдық жұмыстарға және т.б. тартылмайды. Әкімшілік қамауға алу мерзімі 2021 жылдың 6 қарашасында сағат 16.04-те аяқталады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін антиваксер Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетсек, 26 қазанда Айна Бакеева мен тағы екі әйел Нұр-Сұлтандағы №58 мектеп-гимназиясына келіп, шу шығарған. Олар «мектеп әжетханасында балаға екпе салады» деген тақырыпта видео түсіріп, директормен кездесуді сұраған. Кейін мұның жалған ақпарат екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары