×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Шетелден келген қандас: Қазақстанға бекер көшіп келдік деп ойладық

05.11.2021, 17:48
Коллаж: ulysmedia.kz

Бес жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген қазақ отбасы немен айналысарын білмей бірнеше жыл қиналған. Былтыр пандемия кезінде кәсіпкерлерге арналған курсты онлайн оқып, мал өсіруге мемлекеттен ақша алады. Кейіпкеріміз оның оңай болмағанын айтады. Ауылда интернет дұрыс істей бермейді. Содан оқу оқу үшін тауға шыққан күндері де болған.

Бес баланың анасы Намира Тогтох Моңғолияның Баян-Өлгей өлкесінен 5 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов ауылына көшіп келген. Алғашқы жылдары отбасының бастауышта оқитын балалары орыс тілінен қиналған. Себебі,  Моңғолияда бұл пән 7-сыныптан бастап оқытылады екен. 

Атажұртты аңсап келген жанұяның алдынан шыққан проблема тек орыс тілі емес. Оларға бұл жақта жан бағу да оңай болмады. 

«Алдымен мемлекеттен берілетін қайтарымсыз қаржыны алуға құжат тапсырған едік. Біраз жүгірдік, бірақ ала алмадық. Осындай кезде Қазақстанға бекер келдік пе деген ой туды. 2020 жылдың жазында пандемия кезінде мемлекеттік бағдарлама аясында бизнес курстан өттік. Бірақ ауылда интернет болмай, онлайн оқу үшін тауға шығып қиналдық»,- дейді отанасы Тогтох Намира.

Отбасы өткен жылы мемлекеттен 2,5 млн теңге жеңілдетілген несие алып, малын көбейткен. Қорасында қырық шақты  сиыр мен қойы бар.

«Моңғолияда сарлық теген сиырдың түрін ұстадық. Олар қыста тауға жайылып кетеді, көп салмақ салмайды. Ал Қазақстанда қыста малды қолда ұстайды екен, жем-шөбін табу, оны уақытылы қарау да оңай емес»,- дейді қандасымыз.

Дегенмен, Намира қазір қиналып қалса, бір саулықты сатып, ақша таба алатынын айтады. Балаларын қалада оқытып, жақсы кәсіп иесі болғанын қалайды. Өзі секілді, қиналып қалмаса дейді. Моңғолия қазақтары салт-дәстүрге жақын келеді. Ұлттық тағам әзірлеу, ісмерлікті бір кісідей меңгерген. Әсіресе, олардың құрты ерекше дәмді болады. Намира Моңғолиядан сабасын алып келген. Құртты күнделікті осында піседі. Бұл құрт әзірлеудің ерекше әдісі болса керек. Сықпа құрт қана көріп өскен біздің жақтың адамдарына бұл таңсық дүние.

Туып-өскен жерін еске салатын тағы бір нәрсе мына - түскиіз. Анасының көзіндей. Ілмек бізбен тоқылып, жасауымен бірген келген. Өзі бұл түскиізді қыздарына мирас ретінде қалатын құнды дүние ретінде бағалайды.

Серіктес жаңалықтары