×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда 72 мың мүгедектің жартысы ғана санаторий-курорттық еммен қамтылған

16.09.2021, 08:53
Қазақстанда 72 мың мүгедектің жартысы ғана санаторий-курорттық еммен қамтылған
Фото: Ашық дереккөздерден

Бұған жергілікті атқарушы органдардың жеткілікті деңгейде қаражат бөлмеуі себеп болып отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Үкіметтің назарын мүгедек адамдарды санаторий-курорттық емдеу қызметтерімен қамтамасыз ету мәселесіне аударғым келіп отыр. Мүгедек адамдардың мемлекет тарыпынан санаторий-курорттық емдеуге арналған бір күндік орташа бағасы (8 700 теңге) бұл санаторий-курорттық емдеу орындары ұсынған бір күндік бағасынан әлдеқайда төмен. Сондықтан, санаторий-курорттық емдеуге арналған орташа бағаны ұлғайту мәселесін қарастыру қажет», - деді Сенатта заң жобасын талқылау барысында депутат Нариман Төреғалиев.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 72 мың мүгедек азаматт санаторий-курорттық еммен қамтылуы қажет болған. Алайда жергілікті атқарушы органдардың бөлген қаражатының жетіспеушілігіне байланысты аталған еммен мүгедек адамдардың 55% ғана қамтылды.

«Осы ретте, мүгедек адамдарды санаторий-курорттық еммен 100% қамту үшін жергілікті атқарушы органдарға қосымша қаражат бөлу мәселесін шешу қажет», - дейді ол.