×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауы тоқтады

06.11.2021, 12:34
Фото: ашық дереккөз

Өткен аптада республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0%-ды құрады. Қабылданған шаралар есебінен сәбіз (-3,1%), пияз (-2,2%), картоп (-0,8%) бағасының төмендеуі байқалады. Сүзбе, күнбағыс майы, күріш және тұз бағасы өзгерген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

primeminister.kz-ның мәліметінше, өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әртүрлі бағаларды қою тұрғысынан үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша: Солтүстік Қазақстан облысында тауық жұмыртқасын өндірушілерге, Нұр-Сұлтан қаласында тауық жұмыртқасын көтерме саудада жеткізушіге, Ақтөбе облысында тауық етін көтерме саудада жеткізушіге, Алматы облысындағы тауық жұмыртқасын өндірушілерге бағаны ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері үшін 6 хабарлама шығарды.

Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарындағы өндірушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 4 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 139 актісі жасалды. Батыс Қазақстан облысында ет және тауық жұмыртқасы, нан мен ұн, макарон өнімдерін өндірушілердің бағаның өсуі мүмкін екені туралы жария мәлімдемесі үшін монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу туралы 6 ескерту жасалды.

Алдын ала деректер бойынша, құс фабрикалары тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері байқалуда. Қайталанатын бұзушылықтар бойынша тергеу хабарламалар шығарылған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде жүргізіледі.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне бағаны бақылауды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің әрбір позициясы бойынша тиісті жедел шаралар қабылдауды, бағаның өсуіне жол бермеу үшін азық-түлік тауарларын дүкен сөрелеріне уақытылы жеткізуді қолмен қамтамасыз етуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары