Қазақстанда өткен тәулікте 1991 адам коронавирус індетінен емделіп шықты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аймақтар бойынша қауіпті дерттен сауыққандар реті келесідей: Нұр-Сұлтан қаласы - 87, Алматы қаласы - 128, Шымкент қаласы - 13, Ақмола облысы - 126, Ақтөбе облысы - 52, Алматы облысы - 23, Атырау облысы - 56, Шығыс Қазақстан облысы - 250, Жамбыл облысы - 11, Батыс Қазақстан облысы - 628, Қарағанды облысы - 123, Қостанай облысы - 259, Қызылорда облысы - 18, Маңғыстау облысы - 10, Павлодар облысы - 165, Солтүстік Қазақстан облысы - 30, Түркістан облысы - 12. Осылайша жалпы Қазақстан бойынша СOVID-2019 сырқатынан жазылғандар саны 903834 адамға жетіп отыр.
Ал өткен тәулікте елімізде коронавирус індеті 909 адамда ПТР арқылы расталып, айқындалды. Бұл дегеніңіз, көп уақыттан бері, жұқпалы ауруға 1000-нан кем жан шалдықты.
Осы орайда айта кетерлік жайт, мамандар маска таққан адамдар толықтай көміртегімен тыныс алуға мәжбүр деген тұжырымның ғылымға қарсы, яғни жалған екенін мәлімдеуде.
“Біріншіден, адамдар оттегін жұтып, көмірқышқыл газын шығарады, бұл таза көміртегі емес, оның диоксиді болып табылады. Көмірқышқыл газының молекулалары мөлшеріне байланысты маскада тұрып қалмайды. Көмірқышқыл газының бір молекуласының мөлшері - 0.33 нанометр. Ал жай медициналық масканың талшықтары арасындағы тесіктер 0.3-тен 10 микронға дейін. Бұл ретте, маска мөлшері 5-тен 15 микронға дейін болатын сілекей мен қақырық бөлшектерімен бірге таралатын вирусты ұстап қалады. Бұған дейін біз маска тағы оттегі жетіспеушілігіне әкеледі деген фейкті жоққа шығарған болатынбыз. Демек, таратылған ақпарат дұрыс емес. Пандемия алдын ала жоспарланбаған және маска тағу көміртекпен улануға әкелмейді”, – деп келтірілген тиісті ресурста сарапшылар пікірі.