×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Болашақтағы» дау: Лондонға көшкен студентке гарант болғандардың ісі сотта қаралды

04.06.2024, 18:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Халықаралық бағдарламалар орталығының «Болашақ» шәкіртақысымен білім алған Валерия Гавриленкоға қатысты іс апелляциялық инстанцияда қаралды. Азаматтық іс материалдарына сүйенсек, В.Гавриленко кепілге қойған пәтерін кепілден заңсыз шығарып алған.

Ulysmedia.kz тілшісі сотқа қатысып, Гавриленко қанша ақша төлегенін, қарызды жабу үшін неге оның пәтерін алып қоюға болмайтынын және стипендиаттың бұл жағдайға қатысты пікірін біліп қайтты.

Оқиға басы

Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева «Болашақ» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Валерия Гавриленконың кепілгері болған. Олардың айтуынша, В.Гавриленко оқуын аяқтаған соң, 2017 жылы Халықаралық бағдарламалар орталығы қызметкерімен “келісіп”, орталық кепіліндегі екі пәтерін заңсыз шығарып, түк болмағандай Ұлыбританияға көшіп кеткен. Болашаққа “жолдама” беретін орталық енді өзі берген құжатты заңсыз деп мәлімдеп, Гавриленконы шәкіртақысынан айырды, сондай-ақ оқуға кеткен шығынды өтеуді талап етіп отыр.

- Гавриленконың көшіп кеткені әлдеқашан, сол себепті орталық одан қарызын өндіре алмай отыр.  Бұл мәселе үш жылдан кейін туындады. Халықаралық бағдарламалар орталығы оның 30 млн. Қарызы бар екенін айтып, оны біздің мойнымызға іліп отыр, - дейді Наталья Воробьева.

Бұған Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі Әлия Оспанова былай деп жауап берді.

- “Болашақ” бағдарламасының стипендиаты саналы түрде заңсыз әрекет жасап, мемлекеттік стипендияны Ұлыбританияға көшу құралы ретінде пайдаланды. Біз қазір мемлекет алдындағы міндеттерін орындамаған стипендиатты елге экстрадициялау жағын қарастырып жатырмыз, Ішкі істер министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, қабылдаушы елдің билігіне, құқық қорғау органдарына хаттар жолданып, тиісті жұмыстар жүргізілуде, - дейді ол.

Сот нені қарастырды?

Халықаралық бағдарламалар орталығының арызы бойынша Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаеваға қатысты сот ісі қаралды. Азаматтық іске судья Қаженова төрағалық етті.

Орталық медиация арқылы бітімге келу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ олар борышкер Валерия Гавриленконың үшінші тұлға ретінде әрекет етуін сұрады. Айыпталушының өкілі Валерия Гавриленкоға қатысты тағы бір іс бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол медиация процесінде тарап бола алмайды.

Сот не шешті?

Талапкер (“Болашақ”) өкілдері туындаған дауды медиация түрінде реттеу бойынша өтінішхат бергенін жоғарыда айттық. Сондай-ақ олар іс жүргізуді екі аптаға тоқтата тұруды сұрады.

Медиацияға негізгі борышкер Валерия Гавриленко тартылуы үшін өтінішхат жолдадық. Қазір орталық («Болашақ» - ред.) Валерия Гавриленкоға қатысты шара қабылдап жатыр. Нақты айтқанда, орталық бастамасымен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз. (Медиацияға – ред.) мүмкін болса екі апта уақыт беруді сұраймыз, - деді «Болашақ» өкілі Алтынай Кенжесарина.

Жауапкер тарапы медиацияға тек «Болашақ» қарыз көлемін айтарлықтай төмендетсе ғана келісетінін жеткізді.

Қарыз сомасы – 28,5 млн теңге. Одан кепілге қойылған мүліктің құнын азайту керек – 25,7 млн теңге. Қалған сомадан Гавриленко құйған 1,3 млн теңгені азайту қажет. Соңында 1,5 млн теңге қалады. Наталья Воробьева және Мақпал Дәрібаева бұл соманы төлей алады, осындай жағдайда ғана медиацияға келісе алады, - деді адвокат Айжан Ташенова.

Сот отырысы медиация тәртібімен қаралуы үшін кейінге шегерілді.

Жауапкерлер келіспей отыр

Мақпал Дәрібаева жүкті екенін алға тартып, соттан бүгін сөз сөйлеуге рұқсат беруін сұрады. Оның айтуынша, келесі сот отырысына ол оффлайн қатыса алмауы мүмкін.

- 2016 жылы мен кепілдік шартқа қол қойған кезде Гавриленконың екі пәтері кепілге қойылғанын білдім. Сол үшін де тәуекел еттім, себебі сенімді болдым. Ал олар («Болашақ») Гавриленкоға екі пәтерін заңсыз кепілден босатып берген.  Енді олар бүкіл қарызды біздің мойнымызға ілмекші. Саясат Нұрбек айтқан келісімді көрген жоқпыз. Біз мұндай келісім жоқ деп есептейміз. Олар біржақты түрде біздің қарызымыздың суммасын көбейтіп отыр. «Болашақтың» бірде-бір шенеунігі осы уақытқа дейін қылмыстық жазаға тартылмаған. Неліктен сот бұл істі ешқашан кепіл мүлік қойылмағандай қарайды? Әділдік қайда?  Шешімнің күшін жойып, талап арызды қанағаттандырудан бас тартуды сұраймыз, - деді Мақпал Дәрібаева.

Азаматтық істі қараған сот алқасы «Болашақ» орталығы өкілдерінің өтінішхатын қанағаттандырды. Яғни, келесі сот отырысы медиация тәртібімен өтеді.

Медиацияға жүгінуге не кедергі?

Кепілгерлердің адвокаты Айжан Алинаның айтуынша, кепілгерлер медиацияның шарттары туралы ештеңе білмейді.

- Бүгін біз орталықтың қандай да бір медиация келісімін жасау ниетін ғана естідік. Ешқандай талаптарын көрген де, естіген де жоқпыз, олар туралы келіссөздер жүргізілген жоқ. Үшінші тұлға – Гавриленко, менің түсінбейтінім: егер ол 2022 жылдағы іс бойынша жауап беруші болса, ол бізбен бірге осы процесте қалай медиацияға барады. Олар істің барысын шатастырып отырған сияқты. Алдымен, Гавриленконың бірінші ісі бойынша оның өзімен келіссөздер жүргізуге рұқсат етуі керек. Бірінші онымен келіссөз жүргізіп алсын, ал бізден тағылған айыпты алып тастауын сұраймын, - дейді ол.

Оның пікірінше, Валерия Гавриленкомен бұл іс бойынша медиация жасау мүлде дұрыс емес.

- Менің ойымша, сот қателесті. Бүгін апелляциялық сот оны іске үшінші тұлға ретінде тартты деп ойлаймын. Бұл дұрыс. Бірақ бұл жағдайда онымен медиация жасау қаншалықты дұрыс болар еді, оған күмәнім бар, - деді адвокат.

Бұл жағдайда кепілдік шартының күші жойылды деп есептеледі.

Гавриленко төлеп тұрған, бірақ 100 мың теңгеден ғана

Адвокаттың айтуынша, Халықаралық бағдарламалар орталығы бірінші сатыдағы сотты жаңылыстырған. Олардың («Болашақ») айтуынша, Валерия Гавриленко ай сайын 200 мың теңге төлеп тұрған. Ал шын мәнісінде, В.Гавриленко ай сайын 100 мың теңге төлеп тұрған. Ал аталған іс қаралғанға дейін стипендиат миллион теңге төлеп тастаған.

- Сот «Гавриленко 200 мың теңге төлеп тұрды» деген ақпаратты негізге алып, ар жағында 100 мың теңге жетпегендіктен, Гавриленко төлемей жатыр деген ойда болған. Сондықтан қарыз кепілгерлерден өндірілуі керек деген шешім шығады. Әрине, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Ал, біздің ойымызша, олар («Болашақ») кепілгерден өндіріп алудың процессуалдық мүмкіндігінен айырылып қалды. Себебі негізгі борышкерден де, кепілгерден де бірдей қарыз өндіру заңдық тұрғыдан мүмкін емес, - деп атап өтті Айжан Алина.

Неліктен стипендиаттың пәтерін алып қоюға болмайды?

Кепілге қойылған Астана мен Петропавлдағы пәтерлер үшінші тұлғаларға берілді. Нақты кім үшін, адвокат білмейді. Оның үстіне олардың бірінде қыздың анасы әлі тұрады. Қазіргі есептеулер бойынша пәтерлердің құны 25 миллион теңге болуы мүмкін.

Дәрібаева мен Воробьева қай жерге дейін шаба алады? 

Айжан Алинаның айтуынша, әйелдер 1,5 миллион теңге төлеуге дайын. Бұл пәтерлердің құнын және Гавриленконың өзі төлеген соманы алып тастағандағы қарыз.

Қарыз сомасы – 28,5 млн теңге. Одан кепілге қойылған мүліктің құнын азайту керек – 25,7 млн теңге. Қалған сомадан Гавриленко құйған 1,3 млн теңгені азайту қажет. Соңында 1,5 млн теңге қалады. Наталья Воробьева және Мақпал Дәрібаева бұл соманы төлей алады, осындай жағдайда ғана медиацияға келісе алады, - деді адвокат.

Неліктен Дәрібаева мен Воробьева кепілгер болды?

Наталья Воробьеваның айтуынша, олар Валериямен жақын араласқан.

- Ол келіп, жылап, бізден көмек сұрады: «Қыздар, бұл маған білім алудың жалғыз мүмкіндігі, бұл өмірде бір рет болатын мүмкіндік. Мен пәтерлерімді реттедім. Менің туыстарым жоқ. Мен тек анамның қолында өстім. Өтінемін, көмектесіңдер. Бәрі заңды болады деп уәде беремін. Мен оқу бітіргесін келемін, осында жұмыс істеймін деді. Бірақ 2019 жылы ол қандай да бір жолмен барлық пәтерлерін кепілдіктен шығарып, шетелге көшіп кетті. Бірақ оның қарызы қалды, – дейді Наталья Воробьева.

Гавриленко қазір қайда жүр?

Оқу бітіргеннен кейін Гавриленко Қазақстанға оралып, осында жұмыс істеп жүрген. Бірақ 2019 жылы ол кетуге шешім қабылдаған.

- Ол қазір, біздің білуімізше, Лондонда. Ол жерде көп жылдар болды. Ол Қазақстанға келмейді, өйткені қайтып келсе, кері шыға алмайтынын біледі. Өйткені атқарушылық іс жүргізу аясында оның Қазақстаннан шығуы шектелген, - деді ол.

Адвокат Гавриленконың құжаттар мәселесіне байланысты отанына оралуға мәжбүр болатынына сенімді.

Мамыр айында Гавриленко кепілгерлермен байланысқа шыққан.

- Ол кешірім сұраған жоқ. Оның үстіне, ол өзін  біз сияқты жағдайдың құрбаны деп санайды. Апелляция алдында ол: «Мен сізді кепілдік шартына қол қоюға мәжбүрлеген жоқпын» деді. Ол солай айтты. Ал жалпы, сіз екеуміз бір қайықтамыз, мен де сіз сияқты зардап шегушімін, – деді дейді Наталья Воробьева.

Гавриленконы экстрадициялау қиын болады

Бұған дейін орталық басшысы құзырлы органдар Валерия Гавриленконы экстрадицияламақшы деп хабарлаған.

- Бүгін «Болашақ» өкілдері Гавриленкоға қатысты шара қолданатынын айтып жатыр. Мен ол жақта қандай шара қолданатынын білмеймін, ол өте алыс, шын мәнінде бұл өте қиын болады. Гавриленконың үстінен қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана бірдеңе жасауға болады, бірақ бүгінгі күні қозғалған іс жоқ, - деді қорғаушы.

Орталық қызметкерлерінің не кінәсі бар?

- Шынында, қызметтік тексеру жүргізілді, бірақ бәрі аяқталды. Ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ. Сонымен қатар Орталық («Болашақ») құқық қорғау органдарына хабарласты, қылмыстық іс қозғалған жоқ. Менің ойымша, орталық ресми түрде шағым түсірді, бірақ қылмыстық іс қозғалмады, осымен бітті. Біз министрдің қабылдауына жазылып, онымен кездескеннен кейін, «Болашақ» басшылығымен жолыққаннан кейін осындай даудың басталғанын біліп жатырмыз, — деді Айжан Алина.

Гавриленко туралы не білеміз?

Валерия Гавриленко 24.kz арнасында жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеген. Жанжал шыққан соң ол Instagram парақшасын жауып тастаған. Дегенмен, біз бұған дейін оның профилін қарап алдық. Ол көптен бері суреттерін жарияламады. Бірақ айта кету керек, ол өте қымбат сөмкелерді жақсы көреді, мысалы, Chanel брендін. Аватардың астында «Жылжымайтын мүлік», ал орналасқан жері Лондон деп көрсетілген. Ол қазір жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істеуі мүмкін.

Халықаралық бағдарламалар орталығы

Айтпақшы, орталыққа 2023 жылдың қарашасында жаңа директор тағайындалды. Бұл қызметке Әлия Оспанова келді.

- Орталық «Болашақ» бағдарламасының, сонымен қатар мемлекеттің білім және ғылым саласындағы негізгі халықаралық бастамаларының әкімшісі болып табылады. Білім мен ғылымды өзгерту саласындағы көп жылдық тәжірибем пайдалы болады деп сенемін. Маған артқан сеніміңіз үшін алғыс айтамын және елімнің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді саламын, - деп жазған Әлия Оспанова.

«Болашақ» стипендиясы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы – азаматтардың жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде білім алуына арналған магистратура, философия докторы (PhD), докторантура, резидентурада оқу немесе тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын арнайы стипендия.

Серіктес жаңалықтары