Желіде жарияланған, атып өлтірілген қасқырдың суреті ғаламтор қолданушылары арасында аяушылық сезімін оятты деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.
Түркістан облысында түсірілуі мүмкін бейнежазбада дала жыртқышы қан-жоса болып, көлікке байланған.
Жұрттың көбі бұған жүрегі ауырып, наразылық танытқанымен, “малыңды жеп кетсе, аяғаныңды көрер едім” деп жатқандар да бар.
Түркістан облысының полициясы аталған жағдайға тексеру жүргізіп, егер қасқырдың аңға шығуға рұқсатсыз, заңсыз атылғанын анықтаса, қолына мылтық алғандарды жауапкершілікке тарту жағын қарастырмақ.