Қазақстандық боксшы, Олимпиада жеңімпазы Данияр Елеусінов Тәуелсіздік мерекесіне орай чемпиондық кездесу өткізетінін жариялады деп хабарлады Ulysmedia.kz тілшісі.
“18 желтоқсан. Нұр-Cұлтанда бокс кеші. Тәуелсіздік күні. Жартылай орта салмақтағы IBO және IBF Inter-Continental атақтары үшін басты жекпе-жек. Өткізіп алмаңыздар”, – деп жазды ол өз парақшасында.
Сонымен қатар, аталған спорт шарасында Даниярдың бауыры Дәурен Елеусінов, тағы бір белгілі отандық былғары қолғап шебері Иван Дычко өнер көрсетпек. Бұдан тыс, ұзақ уақыттан бері алғаш рет, Қазақстан чемпионы белдеуі сарапқа салынбақ.