×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алматыда заңсыз айналымнан 1 миллионға жуық жалған доллар тәркіленді

11.11.2021, 18:20
Фото: ашық дереккөз

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті өткен жылдың қыркүйек айында жалған 100 долларлық купюраларды өткізу дерегін анықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, мәліметінше, қызметкерлер жедел бақылаудағы сатып алуды жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ долларына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген.

Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді. Т.Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары