×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мәдина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына 40 млн теңгенің көлігін сыйлады

09.07.2024, 16:47
Мәдина Сәдуақасова 10 жастағы ұлына 40 млн теңгенің көлігін сыйлады
ulysmedia.kz

Мәдина Сәдуақасова 10 жасар ұлына су жаңа Lexus көлігін сыйлады, деп хабарлайды ulysmedia.kz

Инстаграм желісінде тараған видеода әнші Мәдина Сәдуақасова 10 жастағы ұлы Әнуарға Lexus көлігін сыйлағанын байқауға болады. Кілт тапсыру рәсімі аталған марканың ресми салонында болғанға ұқсайды.Lexus-тың бұл моделі нарықта шамамен 35-40 млн теңге аралығында бағаланады.

Видеода Әнуар 18 жасқа толғанша көлікті жеке жүргізуші басқаратынын, ол баланы мектепке, түрлі үйірмелерге апарып тұратыны жазылған. 

Мәдина Сәдуақасова 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Сәдуақасова музыкамен 13 жасынан бері айналысады. 1999 жылы «Жас қанат» байқауына қатысқан. Осыдан кейін Роза Рымбаевамен жұмыс істеуге мүмкіндік туады. 1999 жылы «Азия дауысы» фестивалінде бірінші орын иеленеді.

Мәдина 2006 жылы тұрмысқа шыққан. Ол бірінші күйеуімен «Гүлдер» ансамблінде жүргенде танысқан. Сәдуақасованың бірінші жұбайы Президенттік оркестрде өнер көрсеткен. Бірақ, жас әнші тұрмысқа шыққаннан кейін сахнадан кетеді. Себебі, күйеуі Мәдинаға осындай талап қойған. Бірақ, ол 2008 жылы 2 жыл отасқан күйеуімен ажырасып кетеді. Бұл некеде Мәдинаның баласы жоқ.

2010 жылы ол қазіргі жұбайы Олжаспен «Таң қалмаңыз» шоуының түсірілім алаңында танысады. Ол кезде Олжас Смағұлов режиссердің көмекшісі болып жұмыс істеген. Мәдина одан 6 жас үлкен. Олар 2014 жылы отбасын құрды.

Мәдина өзінің басты мақтанышы махаббат пен түсіністікті ту еткен – отбасы деп санайды.