Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ұстазы Лешек Бальцеровичтің Польшаның премьер-министрінің орынбасары болса да үш бөлмелі пәтерде тұрғанын айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Менің ұстазым Лешек Бальцерович (Польшаның Премьер-министрінің бұрынғы орынбасары – ред.) – қарапайым профессор. Ол экономика саласына қатысты дәріс берді. Польша 10 жыл бойы әскери жағдайда өмір сүріп келе жатқан ел. Нан, шәй, сабынға дейін картамен беріліп отырады. 1,5 жыл ішінде сол елді тығырықтан шығарды», - дейді Цифрландырду министрлігі жанынан құрылған сарапшылар кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан «Ұлыс сұхбаты» бағдарламасында.
Оның айтуынша, Лешек Бальцерович бірінші вице-премьер министр бола тұра уақыт тауып, студенттерге дәріс оқыған.
«Емтихан қабылдады. Лауазымынан кеткен соң да бұрынғы 3 бөлмелі пәтерінде тұра берді. Біздің елде қай вице-премьер үш бөлмелі пәтерде тұрады?» - дейді ол.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер министрінің төрт орынбасары бар. Олар: Әлихан Смайлов, Роман Скляр, Ералы Тоғжанов және Мұхтар Тілеуберді.