×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Министрлікке басып кірген әйелдер Цойдың отставкасын талап етті

19.11.2021, 13:29

Әйелдер одан бөлек балаларға мәжбүрлі түрде вакцина салуға қарсы шығып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты алдындағы шуды Ulysmedia.kz журналисі бақылауда.

Бүгін 50-ге тарта әйел өткізу бюросына жиналып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың отставкасын талап етті., одан бөлек балаларға вакцина салу тәртібіне қарсы шықты. Әйелдер осы ұранмен министрлік ғимаратының өткізу пунктіне келді.:

«Біз вакцинаға қарсымыз! Цой отставкаға кетсін!» - дейді олар.

Наразылық білдірушілер ғимараттың ішіне кірмек болған. Алайда оларға полиция бөгет болды. Ғимаратқа басып кіре алмағаннан кейін әйелдер министрліктің алдына шығып, ұрандатуды жалғастырды. Тағы бірнеше басып кірмек болды.

Ішке кіре алмағаннан кейін әйелдер Ақорда жаққа бармақ болған. Алайда жедел әрекет ету отрядының қызметкерлері Министрліктер үйінің аркасын жауып тастады.

Сонда да әйелдер Мәңгілік ел даңғылының бойында тұрып «Цой отставкаға кетсін» деп айқайлап жүр.

Автор: Махамбет Әбжан